Навигация

Информация

Очередь на участки

Контакты

ГУ "Аппарат акима Ескельдинского района" Алматинской области

Казахстан, Алматинская область
Ескельдинский район, ул Оразбекова, 67

Индекс: 040500

Тел: 8 (72836) 3-05-05
Факс: 8 (72836) 3-03-27

Email:eskeldy-akimat@mail.ru

Информация

 «АУЫЛ - ЕЛ БЕСІГІ» бағдарламасы туралы
 
Ескелді ауданында  «Ауыл - ел бесігі» арнайы бағдарламасы бойынша  -  9  жоба бекітіліп, жалпы бөлінген қаражат  -  1 млрд. 905 млн. теңгені құрады (Республикалық бюджеттен 90 %, жергілікті бюджеттен 10%).
  1. Қарабұлақ ауылындағы жылу желілерінің құрылысы өтпелі жоба
(Аяқталу мерзімі 2020 жылы)  – осы жылы 560 млн. теңге бөлініп, жұмыстары жасалуда.
  1. Қарабұлақ кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің
құрылысы өтпелі жоба (Аяқталу мерзімі 2020 жылы) – осы жылға 660 млн. теңге бөлініп, жұмыстары жасалуда.
  1. Қарабұлақ ауылындағы "Ескелді аудандық орталық ауруханасы"
ШЖҚ МКК стационар ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына 300 млн. теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде. Жобаның аяқталу мерзімі – 2020 жыл.
  1. Қарабұлақ кентіндегі орталық сквердің ағымдағы жөндеу
жұмыстарына - 15 млн. теңге;
  1. Қарабұлақ кентіндегі Мелькомбинаттағы спорт алаңын
жайластыруға - 21 млн. теңге;
  1. Қарабұлақ ауылының  М.Жумабаев көшесінің орташа жөндеу
жұмыстарына – 16 млн. теңге;
  1. Қарабұлақ ауылының  Ю.Гагарин көшесінің орташа жөндеу
жұмыстарына – 18 млн. теңге бөлінді.
  1. Қарабұлақ кентінің 7 көшесіне орташа жөндеу жұмыстарына –
134 млн. теңге бөлініп, жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айында аяқталады.
  1. Қарабұлақ ауылындағы "Ескелді ауданы әкімдігінің Мелькомбинат
орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ күрделі жөндеу жұмыстарына – 165 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.
Қазіргі уақытта 4 жоба  жұмыстары толығымен аяқталып, қолданысқа берілді,  атап айтсақ: Қарабұлақ кентіндегі орталық сквердің ағымдағы жөндеу жұмыстары; Қарабұлақ кентіндегі Мелькомбинаттағы спорт алаңын жайластыру; Қарабұлақ ауылының  М.Жумабаев және Ю.Гагарин көшелерінің орташа жөндеу жұмыстары.
 
 
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы
бойынша өткізілген жиналыс туралы
АҚПАРАТ
 
2019 жылдың 9 қыркүйегінде Ескелді аудандық әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық «Экономика және бюджеттік жоспарлау» бөлімінің ұйымдастыруымен «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиналысқа қатысқандар саны – 115 адам.
Жиналысты аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметов бастап, күн тәртібімен таныстырды. Ол өз сөзінде: Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасын бекіту туралы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылдың 6 қарашасындағы № 72 бұйрығына сәйкес, Ескелді ауданы жұмыс жүргізеді. Ауданда мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін аудан әкімінің орынбасарынан, мәслихат депутаттарынан, ауданның атқарушы органдарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен тұратын, тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылған.
Бөлім басшысы С.Төлепбергенов: Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі комиссияның жұмыс органы болып табылады және мамандардың құжаттарын қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады, ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, қаржы қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізеді және құжаттарды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде комиссияға жібереді. Құжаттар комиссияда 7 жұмыс күн ішінде қаралып, комиссия шешімі бойынша аудан әкімінің қаулысын шығару үшін аудан әкімдігіне ұсыныс беріледі, ұсыныс берілген сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде аудан әкімінің қаулысы шығарылады. Қаулы шығарылған уақыттан бастап 5 жұмыс күннің ішінде маманмен келісім жасалады. Көтерме жәрдемақы алған кезде келісім жасалғаннан кейін 5 жұмыс күннің ішінде ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 қаулысына өзгерістер еңгізілуіне байланысты осы жылдың 01 маусымынан бастап, 70 айлық есептік көлемі 100 айлық есептік көлеміне көбейіп, ақша – қаражаты маманның жеке есеп шотына жіберіледі. Бюджеттік несие алған кезде 1500 айлық есептік көрсеткіш агентке аударылады. Маман, Әкімші, Агент арасында үш жақты келісім  шарт жасасқаннан кейін ақша қаражаты тұрғын үйді сатушының жеке шотына жіберіледі.
  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы ауданымыздың шалғай елді мекендердегі мекемелерде мамандарға деген сұраныстарды азайтып, өз нәтижесін беруде.
Бас маман А.Нукеева: Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі көтерме жәрдемақысы және бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәйектелген жауап беру болып табылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Стандарттың 8,9-тармағында белгіленген құжаттарды ұсынады:
Маманға көтерме жәрдемақы алу үшін 100 айлық есептік көрсеткіш (2525*100=252500), бюджеттік несие алу үшін 1500 (2525*1500 =3 млн. 787 мың 500) айлық есептік көрсеткіш беріледі.
1) көтерме жәрдемақы алған кезде:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
      бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;
      көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;
      тұрғылықты жерінен тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын мекенжай анықтамасы (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда);
 
      2) көтерме жәрдемақыны және тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алған кезде:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
      бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;
      сатып алынатын жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;
      көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;
      тұрғылықты жерінен тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын мекенжай анықтамасы (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда);
      неке туралы куәліктің көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін) (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда);
      аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда);
 
      3) көтерме жәрдемақы және тұрғын үй салуға бюджеттік кредит алған кезде:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
      жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметi растаған еңбек кiтапшасының көшiрмесi;
      бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;
      көші-қон қызметінен алдыңғы тіркелген жері туралы мәліметтер;
      тұрғылықты жерінен тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын мекенжай анықтамасы (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда);
      неке туралы куәліктің көшірмесі (некеде тұрған мамандар үшін) (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда);
      аталған ауылдық елді мекенде маманның, оның жұбайының және балаларының жылжымайтын мүлкінің болмауы (болуы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мәліметтер болмаған жағдайда);
      маманның атына тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығына акт;
      кепілге қойылған мүлікті бағалау актісі;
      кепілге қойылған мүлікті сақтандыру шарты;
      берілетін кредит мөлшерінен асатын тұрғын үй құрылысы бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім.
Жиналыс соңында мамандардың қойылған сұрақтарына толығымен жауап берілді.