Вторник, 31 Марта 2020
Объявления: #

Получаете ли Вы государственные услуги посредством портала Электронного Правительства?

Да, получал (а)
Нет, не получал (а)
Никогда не слышал (а) о таком портале и услугах


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 74

Акын-Саринский сельский округ

2019 жылдың 11 айында
«Алматы облысы Ескелді ауданының Ақын Сара ауылдық округінің
әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша
аналитикалық анықтама
 
         Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Занының 8 бабы 5 тармағы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің Үлгілік қағидалары негізінде «Ескелді ауданы Ақын Сара ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айқындау затына ішкі талдау жүргізілді.
         Ішкі талдау жүргізу үшін Ақын Сара ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 03 желтоқсандағы № 56Ө – өкімімен жұмыс тобы құрылды. 
        Талдау жүргізілетін уақыт кезеңі – кезеңі 2019 жылдың қаңтар айының 03 мен қараша айының 29.
«Ескелді ауданы Ақын Сара ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдар әрі – әкім аппараты) 2013 жылғы 07 наурыздағы (БСН 130340006184)  284-1907-21-ММ заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы анықтама негізінде әрекет етеді, өз  қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасы заңдарына, Президент және  Қазақстан Республикасы Үкімет актілеріне, басқа нормативтік – құқықтық актілеріне, (Ескелді ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 19 қантардағы № 8 қаулысымен бекітілген) «Ескелді ауданы Ақын Сара ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесіне сәйкес жүзеге асырады.
         Ақын Сара ауылдық округінің әкімі Ақын Сара ауылдық округі аумағында Ескелді аудандық әкімдігінің лауазымдық тұлғасы болып танылады және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен оған жүктелген функцияларды жүзеге асырады.
         Штаттық кестеге сәйкес әкім аппаратында 6 бірлік мемлекеттік қызметкерлер, солардың ішінен әкім – 1 бірлік, бас маман – 3 бірлік, жетекші маман – 1 бірлік бекітілді.
Техникалық қызметкер:
Жастар ісі жөніндегі әдіскер – нұсқаушы – 1 бірлік, спорт жөніндегі әдіскер – нұсқаушы – 1 бірлік, бағдарламашы – 1 бірлік, көлік жүргізуші – 1 бірлік, еден жуушы – 1 бірлік, күзетші – 1 бірлік.           
          Мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы талаптарына сәйкес лауазымдарына қабылданды.
          Қызметшілер және техникалық қызметкерлер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес лауазымдарына қабылданды.
    Талдау жүргізу кезеңіне кадрларды орналастыру және таңдау кезінде жерлес, қолдампаздық, туыстық фактілер белгіленген жоқ. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметті нашарлататын тәртіптік жазаға тартылған жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілер жоқ. 
2019 жылдың 11 айы кезеңінде Ақын Сара әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде  жеке құрам бойынша 17 өкім, нормативтiк-құқықтық сипаттағы  жеке және заңды тұлғалар үшін 54 өкім шығарылды.  Аталған актілерге талдау жасау нәтижесінде, жемқорлық тәуекелдеріне қатысты кемшіліктер анықталған жоқ. Берілген ұсыныстар мемлекеттік сатып алудың камералдық тексерісіне қатысты ескертулер  келіп түскен кемшіліктері назарға алынып жойылған. 2019  жылғы 11 айдың ішінде түскен 22 (2018 жылдың ішінде – 23) жеке және заңды тұлғалардын өтініштері Web-ЕУОЛ бағдарламасына тіркелді, соның ішінде арыздар басқада (сұраныс, ұсыныс) –болған  жоқ, 22 жазбаша түскен өтініш бәрі жеке тұлғалардан. 21 өтініш қанағаттандырылды, 1 өтінішке түсініктеме берілді, қараусыз қалған өтініштер жоқ, уақытында қарастырылды, орындау мерзімдері бойынша фактілер анықталған жоқ, өтініш берушілер тарапынан шағым түскен жоқ. Бәрі 22 өтініш жер және жерді пайдалану туралы. 77 ауызша өтініштер жеке қабылдау. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерімен бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес жеке қабылдау жүргізіледі. Ғимаратта арыз және шағымдарға арналған жәшік орнатылған. Арыз және шағымдар түскен жоқ.
            Мемлекеттік қызметкерлерде бекітілген лауазымдық нұсқаулықтары бар. Олардың орындалуы округ аумағындағы мемлекеттік саясатын жүргізуге, жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуге бағытталған. Осы мақсатпен ел Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру және ақпараттау бойынша тұрғындармен кездесулер, тұрғындар жиылыстары, активтің жиналыстары жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік органдардың қызметі болып табылады. Ақын Сара ауылдық округі әкімінің аппаратында 2019 жылдың 11 айында 79 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде ХҚҚО арқылы – 0 қызмет. Барлық қызметтер ақысыз негізінде көрсетілген. Әкім аппараты 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді  толық мәлімет Ескелді ауданы әкімінің ресми сайтында және Ақын Сара ауылдық округі әкімі аппараты ғимаратының стендтерінде бар.
  1. «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы
    білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін
    тасымалдауды ұсыну»
  2. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»
  3. «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»
  4. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке
    дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»
  5.  "Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек
    алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру"
  6. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
  7. Мемлекет меншігіндегі жер учаскілеріне құқықтарды сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сатып алу
  8. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»
Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну- 78 қағаз түрінде; Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 1 қағаз түрінде.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Ақын Сара ауылдық округі әкімі аппаратына шағым түспеді.
        Мемлекеттік қызметтер ауылдық округ әкімдігімен көрсетіледі, себебі әкім аппаратында  электрондық әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету бар (бұдан әрі – ЭӘШБЕА БҚ) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) осы қызметтер ЖАО және Мемлекеттік корпорация арасындағы жалпы ықпалдастырылған ақпараттық жүйенің жоқтығына байланысты көрсетілмейді, порталға жүгіну интернеттің жоқтығы және қосылуды қаламау себебінен мүмкін емес.
         Округ тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтері бойынша стандартын және регламентін бұзулар айқындалған жоқ.
         Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің негізгі себептері көбінесе мемлекеттік орган арқылы.
         Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тәжірибесін талдау, сондай-ақ қызмет алушылардың сауалнамасы ауылдық округ әкімдігі арқылы қызметтерді алу үшін өтініштердің негізгі себептерімен:
          1. Қызмет алушыларға ауылдық округі әкімдігіне келіп анықтамаларды алу оңай себебі  егер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы алатын болса Ескелді ауданына бару керек, бұл көлік шығындары болып;
          2. Нашар техникалық базасы (немесе онық жоқтығы), пайдаланушылардың компьютерлік сауатсыздылығы. Соның ішінде компьютерді нашар игерген орта жастағы тұлғалар қызмет алушылардың едәуір саны болып танылады.
       «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының 13 – бабына сәйкес ауылдық округінің әкімі жеке және заңды тұлғалардың жеке қабылдауын жүргізеді. Қабылдау кестесі азаматтар үшін қолжетімді жерде орналасқан.
          Өтініш берушілерге жауап заңмен белгіленген мерзімде ұсынылған. ЖТ және ЗТ өтініштері бойынша бұзушылықтар айқындалған жоқ.
         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35 – бабына сәйкес «Ақын Сара ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ міндеттеріне рұқсат етуші және бақылау функциялары кірмейді.
           Ауылдық округі әкімінің аппаратында мемлекеттік сатып алулар «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР Заңы және ҚР қаржы Министрінің                         2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген электронды мемлекеттік сатып алуларды жүргізу қағидалары негізінде жүзеге асырылады.     2019 жылдың 11 айында жұмыстарды, қызметтерді және тауарларды сатып алуға электронды мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру бойынша 41 үрдіс жүргізілді.
Әкім аппаратының 2019 жылға мемлекеттік сатып алу жоспары  мемлекеттік сатып алу порталында орналасқан. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізуге жауапты бас маман -  Б.Данабаева, мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша бұзушылықтар айқындалған жоқ.
         Әкім  аппаратындағы аппараттық кеңестерде, жалпыға бірдей құқықтық оқуларында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын зерделеу және талқылауы жүргізілуде. Сондай-ақ «сенім телефоны» бар. Ағымдағы уақыт кезеңіне мемлекеттік қызметшілердің іс-әрекеттеріне шағым және өтініш түскен жоқ.
Ағымдағы уақыт кезеңінде мемлекеттік қызметшілерге ескертулер берілмеді.
   ҚБШ (қолма-қол ақшаның бақылау шоттары) есеп-шотына түскен көлік құралдарына салықтар, салық салынбайтын көзіндегі кірістерден табыс салығы, жалға алатын үй-жайларға төлемдер азаматтармен төленген есебінен түскен қаражаттарды таратумен  жергілікті қауымдастық өкілдері айналысады. Жергілікті  қауымдастық хаттамаға енгізілетін шешімді шығарады. Бұл қызмет процессінде бұзушылықтар айқындалған жоқ.
         Әкім аппаратының  мемлекеттік қызметшілері Ескелді ауданының мемлекеттік кірістер басқармасына кірістер туралы Деклорациясын уақтылы өткізеді.
         БАҚ –да   «Ескелді ауданы Ақын Сара ауылдық округінің әкім аппараты»ММ қатысатын сыбайлас жемқорлық жоспардағы сыни жарияланымдар жарияланған жоқ.
         Жоғарыда аталған негізінде жұмыс тобы, «Ескелді ауданы Ақын Сараауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық қауіптері анықталған жоқ деген шешімге келді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу үшін сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтың адын алуды насихаттау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуді ұсынды.
 
Ақын Сара ауылдық округінің әкімі                            Б.Рахимжанов
 
 
 
Келісілді:
Д.Кыдырманова ______________
Д.Жантасова_______________
 
 
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.