Навигация

Информация

Очередь на участки

Баннеры

Контакты

ГУ "Аппарат акима Ескельдинского района" Алматинской области

Казахстан, Алматинская область
Ескельдинский район, ул Оразбекова, 67

Индекс: 040500

Тел: 8 (72836) 3-05-05
Факс: 8 (72836) 3-03-27

Email:eskeldy-akimat@mail.ru

Сырымбетский сельский округ

Сырымбет ауылдық округі бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау және талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабының 1,5 тармақтарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Сырымбет  ауылдық округі әкімінің аппараты Мемлекеттік  мекемесі  жұмыс тобын құрып сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды 2017 жылдың қараша айының 20 – 30 жұлдызы аралығында келесі бағыттар бойынша жүргізді:

Нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актірлерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында беделін түсіру, сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Ауылдық округ аппаратынның  қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер тек қызмет барысында қолданылады.

Ауылдық округ аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Ескелді ауданы әкімімен бекітілген штаттық кестесіне сәйкес Сырымбет ауылдық округі әкімінің аппаратында  12 бірлік, оның ішінде  әкім-1 бірлік, бас маман салық жөніндегі инспекторы 1 бірлік,  бас маман іс жүргізуші – 1 бірлік, бас маман заңгер – 1 бірлік,  жетекші маман есепші 1 бірлік, жетекші маман іс жүргізуші 1 бірлік және 6 бірлік келісім-шарт негізінде техикалық персонал.

 2017 жылы мамандар  арасында  ауысымы  болған жоқ, мемлекеттік қызметшілерден арыз-шағымдар түскен жоқ.

Ауылдық округ әкімінің аппартында келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

1. "Елді мекен шегінде құрылыс жүргізу үшін жер учаскесін беру" 

2. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»

3. «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» 

4.«Жеке қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы»

5. Картридер арқылы турғлықты мекен-жайын анықтайтын анықтама беру.

2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сәйкес қаралды.

2017 жылдың 04 қаңтар 30 қазан аралығында әкім аппаратына заңды және жеке тұлғалардан 61өтініш түсіп тіркелген, оның ішінде жеке тұлғалардан 59 өтініш және заңды тұлғалардан 2 өтініш түсті. Барлық 61 өтінішке қатысты уақытылы жауап беріліп, қанағаттандырылды,  орындалмай қалған өтініштер және мерзімдері асып кету фактілер анықталған жоқ, өтініш берушілер тарапынан арыз-шағым түскен жоқ.

 2017 жылдың 04 қаңтар - 30 қазан аралығында әкім аппараты жеке қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы 392 (анықтама берілді) мемлекеттік қызмет көрсетілді,

2017 жылдың 04 қаңтар - 30 қазан аралығында картридер арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет бойынша мекен-жай анықтайты 30 анықтама берілді.

Сырымбет ауылдық округі  әкімі аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында төменде көрсетілген мәселе анықталды.

Мәселе:

Аулдық округте ауыл тұрғындары өз ауласындағы қураған, жарамсыз, кедергі келтіріп тұрған ағаштарды кесуге жергілікті атқарушы органдарға (әкімдікке) рұқсат беруін сұрайды.

Мысалы:

Осыған байланысты ауыл тұрғындары тазалық жұмыстары барысында және басқа кезде де жергілікті атқарушы органдарға өз ауласындағы қураған, жарамсыз, кедергі келтіріп тұрған ағаштарды кесуге өтініш білдіреді, өтініш негізінде акім аппаратынан комиссия құрылып тексеру жұмыстары барысында, анықтау Актісін жасалынады, содан барып үй иесіне ағаш кесуге рұқсат беріледі.

Ұсыныс:

Қазақстан Республикасының Экология кодексіне елді мекен аумағында ағаш егу, кесуді қалыптастырып реттейтін қосмшалар енгізу, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет реестіріне енгізіп, заңды түрде анықтама беру негізінде ережесін бекіту.

Округте көрсетілген мемелкеттік қызметтер турлерінен ауыл тұрғындарынан арыз, шағымдар түскен жоқ.

Ауылдық округ әкімнің жеке қабылдауында 13 азамат болды, барлық жеке қабылдауында көтерілген мәселелері бойынша анықтау жұмыстары жүргізіліп, қанағаттандырылды.

 

Сырымбет ауылдық округінің әкімі                                                                                                                                  А.К. Шаихов