Навигация

Информация

Очередь на участки

Баннеры

Контакты

ГУ "Аппарат акима Ескельдинского района" Алматинской области

Казахстан, Алматинская область
Ескельдинский район, ул Оразбекова, 67

Индекс: 040500

Тел: 8 (72836) 3-05-05
Факс: 8 (72836) 3-03-27

Email:eskeldy-akimat@mail.ru

Ескельдинский районный отдел строительства

«Ескелді ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі нәтижелері бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

29.11.2017 жыл                                                                                                                                               Қарабұлақ ауылы

КІРІСПЕ БӨЛІМ

«Ескелді ауданының құрылыс бөлімі» ММ-сі басшысының 2017 жылғы 13 қараша № 37-н/қ бұйрығына сәйкес, 2017 жылдың қараша айының 20-30 аралығында «Ескелді ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Ішкі талдау жүргізілген кезең 2017 жылдың қаңтар айының 04 мен қараша айының 20 болып табылады.

Бөлім өз қызметін Ескелді ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 03 қазан №297 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде  жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

БӨЛІМНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҚОЗҒАЙТЫН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

Бөлім өз қызметінде келесі нормативтік құқықтық актілерді негізге алады:

  • Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 1202 "Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы қаулысы;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 232-НҚ Қазақстан Республикасы құрылысқа арналған жобалау жұмыстарының құнын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативті бекіту туралы бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 749 Объектілер құрылысын салу үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларын және жобаны басқару жөніндегі қызметтер көрсететін ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 235 Құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың, сәйкестік туралы декларацияның нысандарын бекіту туралы бұйрығы;
  • Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы бұйрығы;
  • ҚНжҚЕ 1.02-03-2011 «Құрылыс жобаларының құрамын әзірлеу,  келісу және  бекіту тәртібі»;
  • және т.б.

Заңнамадағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңының 73-бабы Объектiлердi пайдалануға қабылдау және беру тәртiбiне қойылатын жалпы талаптар, 5 тармақшасы. Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiне сәйкестiк туралы декларацияның және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестiгi мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындылардың негiзiнде тапсырыс берушi, мердiгер (бас мердiгер), техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын адамдар қол қояды.

Осы заңның 73 бабы 5 тармақшасында объектіні пайдалануға қабылдау актісіне тапсырыс беруші, мердігер, техникалық және авторлық қадағалаушы қол қояды деп жазылған. Бұл алдағы уақытта жемқорлық тәуекелдерін туғызу мүмкін, Мысалы:

Ауданда мектеп салынып, толықтай құрылысы аяқталды. Салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiне тапсырыс беруші, мердігер, техникалық және авторлық қадағалаушы өз қолдарын қойып пайдалануға қабылдады. Одан мектеп ғимараты білім бөлімінің теңгеріміне беріліп, ашылып, пайдалануға берілді. Пайдалану кезеңінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері  келіп тексеріп, мектеп ғимараты өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмейтіндігін анықтады. Пайдалануға қабылдаған тұлғалардың еш қайсысы да төтенше жағдай оганының қызметкерлері емес. Ғимараттың талаптарға сай келмейтін жерін бұзып, қайта салу қосымша ақша қаражаттарын талап етеді. Қосымша ақша қаражаттары бюджет тарапынан қарастырылмаған.  Осыған сәйкес мектеп ғимаратына жауапты тұлға мен төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.

Осы мысалға байланысты ауданның мүдделі қызметтерін (төтенше жағдайлар, санитарлық-эпидемиологиялық станциясы, коммуналдық (су,жылу, электр, газ, байланыс) кәсіпорын қызметкерлерін) салынған объектiнi пайдалануға қабылдау актiсiне қол қоюға ұсынамын.

Орындалуы: Ішкі талдау жүргізілгеннен кейін 15 жұмыс күн ішінде облыстық құрылыс басқармасына ұсынысты хат түрінде жолдау.

БӨЛІМНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ-БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АНЫҚТАУ

Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы:

2017 жылы бекітілген штаттық кестеге сәйкес бөлімде қызметкерлер саны 3 бірліктен тұрады. Бос лауазым жоқ.

Ішкі талдау жүргізілетін кезең ішінде 1 бас маман өз еркімен жұмыстан босатылған және бас маман лауазымына 1 қызметкер жұмысқа қабылданған. Келген хатқа уақытылы жауап қайтармағаны үшін бөлім басшысына ескерту берілген.

Мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекеттік қызмет көрсетілмейді.

Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Бөлім рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.

Бақылау функцияларын іске асыру

Бөлім Ережесіне сәйкес, жергілікті бюджет, облыстық бюджеттің трансферттері есебінен салынатын объектілер құрылысының барысына, реконструкциялануына бақылауды жүзеге асырады.

 

Ескелді ауданыны

құрылыс бөлімінің басшысы                                                                                                               Ж. Ертурганов

 

Ескелді ауданы құрылыс

бөлімінің бас маманы                                                                                                                            А. Айтахов