Навигация

Информация

Очередь на участки

Баннеры

Контакты

ГУ "Аппарат акима Ескельдинского района" Алматинской области

Казахстан, Алматинская область
Ескельдинский район, ул Оразбекова, 67

Индекс: 040500

Тел: 8 (72836) 3-05-05
Факс: 8 (72836) 3-03-27

Email:eskeldy-akimat@mail.ru

Ескельдинский районный отдел образования

«Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

Қарабұлақ ауылы                                                                                                                    04 желтоқсан  2017ж.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы, Алматы облысы Ескелді ауданы әкімі аппарат басшысының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі №85-05-85/2173 хаты және «Ескелді ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2017 жылғы 13  қарашадағы №487-н  бұйрығы негізінде 2017 жылдың 04 қаңтарынан 20 қарашасы аралығын қамти отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Ескелді ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы №307

Бөлімнің негізгі міндеттері:

1.Білім алуға барлық азаматтардың Конституциялық құқығын қамтамасыз ету.

2.Білім беру жүйесіндегі жағдайы, қанағаттану сатысындағы қажеттілікті талдау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім стандартының орындалуын қадағалайды.

3. Оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында аудан бойынша өткізілетін оқу-тәрбиелеу, іс-тәжірибелерінің ғылыми-әдістемелік материалдарымен қамтамасыз етеді.

4. Мекеме аудандық білім мекемелерін педагогикалық және басқару кадрларымен қамтамасыз етуді іске асырады және жас мамандарды дайындау ісіне көрсетеді.

5. Қаулы, шешім жобаларын, жарғыларын аудан әкіміне қарауына белгіленген тәртіппен ұсынады.

6. Білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын дамыту мен сақтау жөніндегі ұсыныстарын аудан әкіміне қарауына белгіленген тәртіппен ұсынады.

7. Аудандық білім мекемелерінің оқулықтар және оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету жөнінде талдау жасайды. Әдістемелік материалдарың бағдарламасының қамтамасыз етуін бақылайды.

8.Жаңашыл ұстаздардың щшығармашылық ізденістерін қолдайды, олардың іс-тәжірибелерімен танысады және таратады. Аудандық білім мекемелерінің басшылықтарының білімін жетілдіру сұрақтарымен айналысады.

9.Білім бөлімі заңда белгіленген тәртіппен азаматтардың өтініштерін, шағымдарын қарайды.Олардың заңды талаптармен негізделген өтініштерінің орындауын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ведомстволық бағытындағы мекемелермен кәсіпорындарын қызметінде анықтаған кемшіліктерді жою шараларын қабылдайды.

10 Білім бөлімі шартты бастамамен келісім шарт негізінде білім саласының /ғылыми ақпараттық қамтамасыз ету және жүзеге асыру үшін білім/ ұжымдарын орталықтарда, баспаларда, жекедеген ғалымдарға/. Бюджеттен қаржыландырылатын мәселелер қазынашылық бөлімшесінде тіркеуден өткізіледі.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабы  5 тармағы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы  19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес ішкі талдау келесі бағыттарда жүргізілді:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында құқықтық қолдану тәжірибесін бағалау мен зерделеу;

Құқықтық қолдану тәжірибесін зерделеу мақсатында, келесі Қазақстан Республикасының Заңдары және нормативтік құқықтық актілері қаралды:

  1. Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы.
  2. Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу;
  3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және/немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына, банктерге ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу мен кәмелетке толмағандардың тиесілі мүліктеріне билік ету үшін анықтамалар беру;
  4. Кәмелетке толмағандарға меншік құқығы негізінде тиесілі мүлікпен жасалатын мәмілелерді рәсімдеу үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық бойынша функцияларды жүзеге асыратын органдардың анықтамаларын беру ;
  5. Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру;
  6. Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау;
  7. Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру;
  8. Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау;
  9. Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу;
  10. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау;
  11. Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
  12. Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру;
  13. Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;
  14. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау ;
  15. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау;
  16. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау;
  17. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау;
  18. Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшылары лауазымдарына орналасу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау;
  19. «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау;
  20. «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау;
  21. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
  22. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну;
  23. Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою;
  24. Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары қаралды.

2. Бөлімнің қызметін қалыптастырудағы нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1) «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысымен бекітілген құжаттар тізімінде, тұрғылықты жерінен анықтама немесе басқа тұрғылықты жері бар екенін растайтын құжат мемлекеттік қызметтерді ұсыну стандартында көрсетілмегендіктен, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.

2) «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына 10-қосымша              «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында -  Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі құжат тізбесі 6.

Ал, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы бұйрығында (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 407 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 тамызда № 14067 болып тіркелді. Бұйрық 2017 жылдың 01 қаңтар айынан бастап қолданысқа еңгізілді.) Бұл қағидада жазбаша өтінішімен қоса 7  құжат тізбесін өткізуі қажет.

3.Заңмен белгіленген тәрітіпте кінәлі деп танылған тұлғаның қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептерді бағалау мен зерделеу.

Нәтижесінде бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды және басқа да теріс қылықтарды жасағаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілкке тартылғандықтары жөніндегі деректер мен мәліметтер анықталмаған.

Ұсыныс: 1. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында білім алуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысымен бекітілген құжаттар тізімінде, тұрғылықты жерінен анықтама немесе басқа тұрғылықты жері бар екенін растайтын құжат мемлекеттік қызметтерді ұсыну стандартына тұрғылықты жерінен немесе тұрғылықты жерін растайтын басқа құжаттың көшірмесін енгізу қажет, өйткені  оқу орны, мектеп әкімшілігі бала отбасының тұрғын үй коммуналдық жағдайын, отбасының мәртебесін және отбасындағы психологиялық атмосфераны анықтау қажет болған жағдайда, оқушының тұрғылықты жерін білуі керек.

2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы бұйрығында (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 407 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 4 тамызда № 14067 болып тіркелді. Бұйрық 2017 жылдың 01 қаңтар айынан бастап қолданысқа еңгізілді.)  Осы қағидаға сәйкес «Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығына 10-қосымша «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының құжаттар тізбесіне өзгеріс еңгізу.

 

«Ескелді ауданының білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                                                                                                       Б. Дюсебаев

 

«Ескелді ауданының білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің бас маманы                                                                                                                 А. Габдракипова