Навигация

Информация

Очередь на участки

Баннеры

Контакты

ГУ "Аппарат акима Ескельдинского района" Алматинской области

Казахстан, Алматинская область
Ескельдинский район, ул Оразбекова, 67

Индекс: 040500

Тел: 8 (72836) 3-05-05
Факс: 8 (72836) 3-03-27

Email:eskeldy-akimat@mail.ru

Ескельдинский районный отдел жилищно-коммунального хозяйства и жилищной инспекции

 

 

«Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

Қарабұлақ ауылы                                                                                                                    29 қараша  2017ж.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы, Алматы облысы Ескелді ауданы әкімі аппарат басшысының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі №85-05-85/2173 хаты және «Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2017 жылғы  қарашадағы №65н/қ бұрйығы негізінде 2017 жылдың 04 қаңтарынан 20 қарашасы аралығын қамти отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Ескелді ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 16 шілдедегі №173 «Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту қаулысымен бектілген Ереже бойынша «Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызмет атқарады. 

Бөлімнің негізгі миссиясы: инфрақұрылым объектілерінің тиісті  жағдайын қамтамасыз ететін тұрғын үй-коммуналдық  комплексінің дамуына жәрдемдесу, халықтың өмір сапасын арттыру, тұрғын үй қорының жөндеуін және сақталғанын қамтамсыз ету үшін тұрғын үй қоры саласындағы бірынғай мемлекеттік саясатын  жүргізу.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабы  5 тармағы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы  19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес ішкі талдау келесі бағыттарда жүргізілді:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында құқықтық қолдану тәжірибесін бағалау мен зерделеу;

Құқықтық қолдану тәжірибесін зерделеу мақсатында, келесі Қазақстан Республикасының Заңдары және нормативтік құқықтық актілері қаралды:

  1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» №94 Заңы.
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 Қаулысы.
  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысы.
  4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығы.
  5. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығы.
  6. Алматы облысы әкімдігінің «110 кВ және одан төмен, 220 кВ және одан жоғары, объектілер үшін қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттін бекіту туралы 2015 жылғы 29 қазандағы № 476 қаулысы.
  7. Алматы облысы әкімдігінің «Барлық қуаттардың және жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) жылыту қазандықтарына күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттін бекіту туралы 2015 жылғы 29 қазандағы             № 477 қаулысы.
  8. Алматы облысы әкімдігінің «Мемлекеттік кәсіпорынның немесе мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үйдің немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйдің болуы (болмауы) туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы 2015 жылғы 11 тамыздағы № 353 қаулысы.
  9. Алматы облысы әкімдігінің «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы 2015 жылғы 11 тамыздағы № 354 қаулысы.
  10. Алматы облысы әкімдігінің «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы 2017 жылғы 16 қазандағы № 432 қаулысы.

2. Бөлімнің қызметін қалыптастырудағы нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

1) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы Алматы облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қазандағы №432 қаулысының 4 тармағына сәйкес аталған қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Алайда, облыстық «Жетісу» газетінде 2017 жылғы 21 қарашада алғаш ресми жарияланған (газет көшірмесін қосымшаға сәйкес ұсынамыз). Яғни, қолданысқа ену мерзімі- 2017 жылғы 1 желтоқсан. Сонымен қатар, аталған мемлекеттік қызмет 2017 жылғы 01 желтоқсаннан бастап аудан әкімдігінің жалпы бөлімі арқылы мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне сәйкес жүзеге асырылады.

2) Жасырын қызмет: Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезекте тұрғандығы немесе тұрмағандығы туралы– 43 анықтама берілген.

Көрсетілетін қызметтің стандарты мен регламенті болмағандықтан сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.

«Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша                                 4 мемлекеттік қызметтер көрсетеді.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен бұқаралық ақпарат құрадарындағы басылымдарды зерделеу.

Заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылымдарды зерделеу барысында сыбайлас жемқорлық іс-қимыл мәселесі бойынша бөлімнің атына ақпарат немесе шағым түскені анықталмады.

  1. Заңмен белгіленген тәрітіпте кінәлі деп танылған тұлғаның қызметінде сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін жағдайлар мен себептерді бағалау мен зерделеу.

Нәтижесінде бөлім қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды және басқа да теріс қылықтарды жасағаны үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілкке тартылғандықтары жөніндегі деректер мен мәліметтер анықталмаған.

  1. Қорытынды.

1) «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі №319 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам арқылы көрсетілуіне өзгерістер енгізуге ықпал ету туралы «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы»                     ММ-сіне 2017 жылғы «____» ______________ хаты негізінде хат жолданған. (хат көшірмесін қосымшаға сәйкес ұсынамыз).

2) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезекте тұрғандығы немесе тұрмағандығы туралы анықтама беру» стандарты мен регламентін бекітуге ықпал ету туралы «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-сіне 2017 жылғы «____» _____________ хаты негізінде хат жолданған. (хат көшірмесін қосымшаға сәйкес ұсынамыз).

3) 2018 жылға бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспары бекітіліп, бөлім қызметкерлерінің назарына ұсынылған (жоспар көшірмесін қосымшаға сәйкес ұсынамыз).

 

«Ескелді ауданының тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық                 

және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                                                                                 А. Рысбеков

 

 

«Ескелді ауданының тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық                 

және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің бас маманы                                                                                            А. Алимбаева