Навигация

Информация

Очередь на участки

Баннеры

Контакты

ГУ "Аппарат акима Ескельдинского района" Алматинской области

Казахстан, Алматинская область
Ескельдинский район, ул Оразбекова, 67

Индекс: 040500

Тел: 8 (72836) 3-05-05
Факс: 8 (72836) 3-03-27

Email:eskeldy-akimat@mail.ru

Ескельдинский районный отдел экономики и бюджетного планирования

«Ескелді ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

Қарабұлақ ауылы                                                                                                                                     24 қараша 2017 жыл

Кіріспе бөлімі

 «Ескелді ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысының 2017 жылдың 10 қарашасындағы № 11 бұйрығына сәйкес  экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында 04.01.2017 - 20.11.2017 жж. аралығында істелген жұмыстарға 10 -24 қараша аралығында ішкі талдау жүргізді.

«Ескелді ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ Ескелді ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 маусымындағы № 141 қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес жұмыс атқарады.

Бөлімнің негізгі миссиясы: бөлім заңнамасымен қарастырылған Ескелді ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының мөлшері және теңгерімді қамтамасыздандырылуына бағытталған, басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ететін, салааралық үйлестірілген тапсырмаларын орындалуын, мемлекеттік жоспарлау жүйесінін құру және дамыту бойынша аудан деңгейіндегі саясатты іске асырады.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 бабы  5 тармағы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы  19 қазандағы № 12 бұйрығына сәйкес ішкі талдау келесі бағыттарда жүргізілді:

Бөлімнің қызметін қалыптастырудағы нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлім ішкі талдау жүргізу барысында, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесімен стандартынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдері фактісін анықтады:

Мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну бойынша ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы ҚР Ұлттық экономика министірінің 2014 жылғы № 72 бұйрығымен бекітілген ережесінің         20 - тармағының 1), 2), 3) – тармақшаларындағы  маманның тұрғын үй салу үшін

  1. Тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құны қырық алты айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс;
  2. Тұрғын үй құрылысының жалпы сметалық құны берілетін кредиттің екі еселік мөлшерінен аспауға тиіс;
  3. Тұрғын үй құрылысының ең ұзақ мерзімі кредит берген сәттен бастап он екі айдан аспауға тиіс деген шарттар көрсетілген, алайда  ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурызындағы № 275 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну стандартында жоғарыда көрсетілген шарттар көрсетілмеуіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беру қаупі туындайды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауының негізгі себептері: Мемлекеттік қызмет көрсетуші қызмет көрсету барысында, қызмет алушыға қызметті қиындату мақсатында ережеге сүйініп шарттардың орындалуын талап етуге жол беруі мүмкін, ал енді бір жағдайда стандартқа сүйеніп қызмет алушыға жеңілдіктер көрсетуі мүмкін.

  • Қорытынды

Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну ережесінде көрсетілген бір шаршы метрінің құны қырық алты айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс, тұрғын үй құрылысының жалпы сметалық құны берілетін кредиттің екі еселік мөлшерінен аспауға тиіс, тұрғын үй құрылысының ең ұзақ мерзімі кредит берген сәттен бастап он екі айдан аспауға тиіс деген шарттарды стандартқа  енгізу үшін құзырлы мемлекеттік органға ұсыныс берілуі қажет.

 

Экономика және бюджеттік

жоспарлау бөлімінің басшысы                                                                                                                         С. Тулепбергенов

 

Бас маман                                                                                                                                                            А. Нукеева

 

Ескелді ауданы мәслихатының

депутаты                                                                                                                                                               С. Жолдыбаев