Навигация

Информация

Очередь на участки

Баннеры

Контакты

ГУ "Аппарат акима Ескельдинского района" Алматинской области

Казахстан, Алматинская область
Ескельдинский район, ул Оразбекова, 67

Индекс: 040500

Тел: 8 (72836) 3-05-05
Факс: 8 (72836) 3-03-27

Email:eskeldy-akimat@mail.ru

Ескельдинский районный отдел внутренней политики

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

«Ескелді  аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ – нің 2017 жылғы 10 айына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесі туралы ақпарат

30 қараша 2017 жыл                                                                                                                                                             Қарабұлақ ауылы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл агенттігі  төрағасының  «Сыбайлас жемқорлық  тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы, Алматы облысы Ескелді ауданы әкімі аппарат басшысының 2017 жылғы 26 қыркүйектегі №85-05-85/2173 хаты және «Ескелді ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2017 жылғы  қарашадағы №19 бұйрығы негізінде 2017 жылдың 04 қаңтарынан 20 қарашасы аралығын қамти отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Мекемеде құрылған жұмыс тобымен ішкі талдау жүргізу барысында төмендегідей заңдар, кодекс пен нормативтік құқықтық актілер қарастырылды.

Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №147 бұйрығымен бекітілген «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидалары», Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №144 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидалары», Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйырғымен бекітілген «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары», Қазақстан Республикасы президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген «Нормативтік құқықтық актілерді рәсімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидалары» Қазақстан республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы №568 қаулысымен бекітілген, Қазақстан республикасы Қаржы министірінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығымен бекітілген «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі», Қазақстан Республикасы Қаржы министірінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алуды» жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы №648 бұйрығымен, Ескелді ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 қазандағы №203 «Ескелді ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту қаулысымен бектілген Ереже бойынша «Ескелді ауданының ішкі саясат бөлімі»  мемлекеттік  мекемесі  қызмет атқарады.

Талдау жүргізу кезеңінде бөлімде кадрлар ауысушылығы болған. Қыркүйек айының 20-нан бастап бөлімнің бас маманы С. Мейрманова жұмыстан босатылған.

Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген. Бөлім қызметшілерінің штаттық саны – 3, соның ішінде әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің саны – 3.

Заң бұзушылықтар анықталмаған, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жазалар қолданылмаған.

Барлық мемлекеттік қызметшілер кірістер мен мүлкі туралы декларацияларды мемлекеттік кірістер басқармасына уақытында тапсырған. Штат құрамында бөлімнің бас маманының лауазымдық орны бос.

Есепті мерзім ішінде бөлімде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

2017 жылдың 10 айында бөлімде «Е – қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесіне енгізілген.

Бұқаралық ақпарат құралдарына өткізілген мониторинг («Жетісу шұғыласы» аудандық қоғамдық саяси газеті, Ескелді аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсы) нәтижесінде мекеменің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықталған жоқ.

Прокурорлық қадағалау актілері келіп түскен жоқ.

«Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығын іске асыру мақсатында бекітілген жоспарға сай жұмыстар атқарылған.

Жоғарыда аталған негізде, жұмыс тобы «Ескелді аудандық ішкі саясат бөлімі»ММ – де 2017 жылдың 10 айы мерзімінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмағаны туралы қорытынды жасады.     

             

«Ескелді ауданының ішкі саясат

бөлімі» ММ басшысы                                                                                                                                   М. Бектуров

 

 «Ескелді ауданының ішкі саясат

бөлімі» ММ бас маманы                                                                                                                               А. Оразалинов