Навигация

Модернизация 3.0

Общая информация

Очередь на участки

Баннеры

Контакты

ГУ "Аппарат акима Ескельдинского района" Алматинской области

Казахстан, Алматинская область
Ескельдинский район, ул Оразбекова, 67

Индекс: 040500

Тел: 8 (72836) 3-05-05
Факс: 8 (72836) 3-03-27

Email:eskeldy-akimat@mail.ru

Государственные программы

«Жұмыспен қамту -2020 жол картасы»
 
Бағдарламасының іске асуы туралы 2016 жылдың 01-ші шілде айына МӘЛІМЕТ
 
 
Бүгінде ауданда «Жұмыспен қамту - 2020» жол картасы мемлекеттік бағдарламасы үш бағыт бойынша іске асырылуда. 2016 жылдың 01 шілде айына жұмыспен қамту орталығына 680  адам жүгініп, оның ішінде 356 адам жұмыссыздар  санынан, 324 адам  өз-өзін жұмыспен қамтығандар санынан.
Бағдарламаның бірінші  бағыты бойынша «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» орындарына 2016 жылға Ақын Сара  ауылындағы су құбырын  жөндеу жұмыстары бойынша 197,0 млн. теңге көлемінде қаражат бөлініп, барлығы 66 адам жоспарланған болса, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 33 адамды жұмысқа тарту жоспарланған.
 «Көксу ауылшаруашылық колледжіне» күрделі жөндеу жұмыстары бойынша 283,0 млн. теңге көлемінде қаражат бөлініп,  барлығы 96 адам жоспарланған болса, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 48 адамды жұмысқа тарту жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге  «Көксу ауылшаруашылық колледжіне» күрделі жөндеу жұмыстары бойынша  48 адам  жұмысқа  тартылды.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру»  Ескелді ауданына 2016 жылға 63 адамға  249,0 млн. теңге көлемінде  несие беру жоспарланып отыр. Кәсіпкерлік негізін оқытуға 18 адам.             
Шағын несие 6 млн. теңгеге дейін 20-адамға 120,0 млн. теңге малшаруашылығын дамыту іске асыру бойынша бизнес жоспарларды мал бордақылау алаңдары мен сүт қабылдау пункттерін ашуға беріледі.Шағын несие 3 млн. теңгеге дейін 149,0 млн. теңге 43-адамға жоспарланған.
 Қазіргі уақытта 130 адамның тізімін 2016 жылғы тендр ұтқан «Ауыл шаруашылығының қаржылау қолдау қорына»  жіберілді, 35 үміткердің толық құжаттары акционерлік қоғамына өткізілді. Бүгінгі күнге 5 адамның құжаты  қаралып,  13,5 млн. теңге көлемінде  несие берілу шешілді. Қалған құжаттары қазіргі уақытта  «Ауыл шаруашылығының қаржылау қолдау қорында» қарастырылуда.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар бойынша 25 адам жіберілу керек болған болса, әлеуметтік жұмыс орнына, нысаналы топқа жататын 35 адам, ұсыныс берген 9 мекемеге жұмысқа жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орнына 5005,0 теңге  жоспарланып отыр, оның ішінде 2184,0 теңгесі игерілді. Әлеуметтік жұмыс орнына қатысушының 5 азаматы тұрақты жұмысқа орналасты.
Жастар тәжірибесіне жоспар бойынша 25 адам, ұсыныс берген 13 мекемеге 16 адам жұмысқа жіберілді. Жастар тәжірибесіне  5727,0 теңге бөлінді, оның ішінде 2200,0 теңге игерілді. Шілде айының 01 жұлдызынан бастап 10 адам, ұсыныс берген 9 мекемеге жұмысқа жіберілді. Жастар тәжірибесіне қатысушылардың  1-і  тұрақты  жұмысқа орналасты.
Қайта даярлауға 43 адамды оқуға жіберу жоспарланған болса, ақпан айының 01 жұлдызынан бастап 43 адам оқуға жіберілді.  10 адам «Көксу ауылшаруашылық» колледжінде механизатор мамандығы бойынша, ал 30 адам «Сервис және Технология» колледжіне жіберілді, оның ішінде 7 аспазшы, 10 шаштараз, 10 дәнекерлеуші, 3 маникюрщица мамандығы бойынша. Оқуларын аяқтаған 43 адам  тұрақты  жұмысқа  орналасты.
 Қоғамдық жұмыс орнына жоспар бойынша 360 адам, қаңтар айынан бастап қоғамдық  жұмыс орнына, нысаналы топқа жататын  203 адам жіберілді. 134 жастар. Шілде  айының 01 жұлдызынан бастап қоғамдық жұмыс орнына 40 адам  жіберілді.   Қоғамдық  жұмыс орнына 40699,0 теңге  жоспарланып отыр, оның ішінде 19614,5 теңгесі игерілді.