Навигация

Модернизация 3.0

Общая информация

Новости области

    Очередь на участки

    Баннеры

    Контакты

    ГУ "Аппарат акима Ескельдинского района" Алматинской области

    Казахстан, Алматинская область
    Ескельдинский район, ул Оразбекова, 67

    Индекс: 040500

    Тел: 8 (72836) 3-05-05
    Факс: 8 (72836) 3-03-27

    Email:eskeldy-akimat@mail.ru

    Новости

    «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы

    Категория: Объявления
    Дата: 29.09.2017
    Просмотры: 26 Печать страницы

    "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Мемлекет басшысының 2016 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау үшін әзірленді және халықтың қалың жігінің тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру үшін тұрғын үй құрылысын ынталандырудың жаңа тәсілдерін әзірлеуге және оған қолданыстағы бағдарламалардағы тұрғын үй мәселелерін интеграциялауға бағытталған.

          Мемлекеттік тұрғын үй саясатында тікелей қаржыландырудан бюджеттен тыс қаржыландыруға көшуге басты көңіл бөлінетін болады. Инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы) және Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде бөлінген тұрғын үй құрылысы саласындағы қаражат шоғырландырылып, осы Бағдарламада қайта бөлінетін болады.

          Тұтас алғанда, Бағдарламаны жеке инвестициялардың әлеуетін тартып іске асыру және кәсіпкерлік қызметті қолдау құрылыс индустриясын дамыту үшін негіз болады, республиканың одан әрі экономикалық өсуін, тұрғын үй құрылысының тұрақты қарқынын сақтауды, жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ете отырып, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуға қомақты үлес қосады.

     

    Бағдарлама келесі бағдар бойынша жүзеге асады:

    1) Ипотекалық кредит берудің қолжетімділігін арттыру;

    Осы мақсатта халыққа ЕДБ мен қаржы ұйымдары беретін ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау құралын енгізу ұсынылады.

    Субсидиялау субсидиялау туралы шешім қабылданған сәтте қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің деңгейінен 5 %-дан артық емес сыйақының мөлшерлемесі бойынша ЕДБ берген ипотекалық кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады.

    Субсидиялаудан кейін түпкілікті қарыз алушы үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 10 %-ды құрауға тиіс. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі төмендеген кезде субсидиялау мөлшері жаңадан берілетін қарыздар бойынша қысқартылатын болады.

    2017 жылдан бастап республикалық бюджеттен жыл сайын тұрғын үй ипотекалық қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінен жылдық 7 %-ға дейін субсидия бөлінетін болады, ол "ҚИК" ИҰ" АҚ қаржы агенті арқылы берілетін болады.

    Қарыз алушының Бағдарламаға қатысуы үшін міндетті шарттар мыналар болып табылады:

    кредит беру мерзімі – 180 айға дейін;

    қарыз алушының шотында сатып алынатын тұрғын үйдің 30 %-ы мөлшерінде қаражаттың болуы;

    нысаналы мақсаты – бастапқы тұрғын үйді сатып алу;

    субсидиялауға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызының ең жоғарғы сомасы – Алматы және Астана қалаларында – 20 млн. теңгеге дейін және басқа өңірлерде – 15 млн. теңгеге дейін;


        2) Жеке құрылыс салушыларды тұрғын үй салуға ынталандыру

          Жеке құрылыс салушылар тарапынан ұсынысты ынталандыру мақсатында ЕДБ-ге кредит беру көлемдерін кеңейту арқылы құрылыс компанияларын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету қажет.

          Осы мақсатта жеке құрылыс салушыларға ЕДБ беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау құралын енгізу ұсынылады.

          Субсидиялау субсидиялау туралы шешім қабылданған сәтте қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің деңгейінен 5 %-дан артық емес сыйақының мөлшерлемесі бойынша ЕДБ берген кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады.

          2017 жылдан бастап республикалық бюджеттен жыл сайын кредит беру мөлшерлемесінің 7 %-на дейін субсидия бөлінетін болады, ол "Даму" КДҚ" АҚ қаржы агенті арқылы бөлінеді.

          Қарыз алушының Бағдарламаға қатысуы үшін міндетті шарттар мыналар болып табылады:

          кредит беру мерзімі – 36 айға дейін;

          нысаналы мақсаты – тұрғын үй салу;

          субсидиялаудың ең ұзақ мерзімі – 36 айға дейін.

          Субсидиялау мерзімі кредит беру мерзіміне сәйкес келуге тиіс.

    ҚТҚЖБ салымшыларына тұрғын үйді өткізу шарттары ҚТҚЖБ-ның ішкі құжаттарымен, сондай-ақ ҚТҚЖБ мен құрылыс салушының арасындағы ынтымақтастық туралы келісіммен айқындалады. Бұл келісім салынған тұрғын үйді іске асыруға тараптардың ынтымақтастық шарттары мен тәртібін реттеу болып табылады. Тұрғын үйді іске асыру мақсатында салымшылар нысандағы тапсырыс беруші банктің ішкі құжаттарына сәйкес, келісуге өтінім береді және ескертулер болмаған жағдайда сатып алушыларға іріктеу жүргізеді. Кейін іріктеу рәсімдері арқылы сатып алушылар анықталғаннан соң, банк тапсырыс берушіге келісу немесе келісуден бас тарту туралы хабарлама жібереді. Салымшылар арқылы сатып алушыларды іріктеу қажетті мөлшерде өтпей қалған жағдайда, банк тапсырыс берушіге тұрғын үйді жүзеге асыру мақсатында нақты іріктеу туралы сұрау салады. Кейін тапсырыс берушімен келісілгеннен соң, банк тапсырыс берушіге сатып алушылар тізімін жібереді. 2 ай ішінде тапсырыс беруші сатып алушылармен сатып алу-сату келісім-шарты жасалып, оларды тіркеуді қамтамасыз етеді және оларды банкке табыстайды. Банк сатып алушылармен келісім-шарт қарыздары және кепіл рәсімдерін жүргізеді. Банк деректемелер бойынша ақшалай қаражатты тапсырыс берушінің шотына аудару үшін аударуды қамтамасыз етеді.

     

    Жеке құрылыс салушылар үшін ақпарат. Ескелді ауданында тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық желілері жүргізілген бос жер телімдері бар:

    «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша 2016 жылы Ескелді ауданы Шымыр ауылының батыс аймағында 7,0 га тұрғын массив пайдалануға берілді. Нысан 2016 жылдың 5 қазанында салынып, пайдалануға қабылданды, 53 жер телімінен тұрады. Су құбыры - 1,2 км, электр жүйесі - 2,57 км, жолдар - 1,6 км, арық жүйесі-1,9 км. Шымыр ауылында тұрғындар саны - 2031 адам. Аула саны – 480. Жер телімін алуға кезекте тұрғандар саны- 738 адам.

    Ескелді ауданы Шымыр ауылының солтүстік-батыс аймағында тұрғын үй құрылысы үшін резервте тұрған жалпы аумағы 1,0 га жер телімі бар. Инженерлік желілер: су құбыры, электр жүйесі, жолдар, арық жүйесі жүргізілген.

    Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылындағы Шевченко көшесіндегі 60 пәтерлі тұрғын үйдің аумағын абаттандыру және инженерлік желілерін жобалау жұмыстарына қаражат бөлінген. Жоба бойынша 20 - пәтер бір бөлмелі, 20 - пәтер екі бөлмелі, 20 пәтер - үш бөлмелі.

    Ескелді ауданы бойынша тұрғын-үй алуға кезекте тұрғандар 796 адам, оның ішінде - 121 жетім балалар, әлеуметтік осал топтар – 477 адам, әскери қызметкерлер, мемлекеттік қызметкерлер және басқа қызмет атқаратындар 196 адам.

     

    3) Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй салу

    ҚТҚЖБ салымшылары, оның ішінде ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдар үшін қолжетімді тұрғын үй ұсынысын арттыру мақсатында кредиттік тұрғын үй салу одан әрі жалғасатын болады.

    Осы Бағдарлама шеңберінде кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру тетігі мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

    1) мерзімділігі 2 жылға дейін, бұрын бөлінген қаражатты құрылыстың жаңа жобаларына қайта жұмсау арқылы ЖАО-ның облигациялар шығаруы жолымен;

    2) ЕДБ-де шартты салымдар орналастыру;

    3) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кепілдігі бойынша халықаралық қаржы институттарының қаражатын тарту.

    ЖАО арқылы кредиттік тұрғын үй салу жылына екі рет жылдық
    0,15 % бойынша купондық сыйақы төлей отырып, айналым мерзімі 2 жылға дейін бағалы қағаздар шығару жолымен квазимемлекеттік сектор субъектілерінен қарыз қаражатын тарту есебінен жүзеге асырылатын болады.

    4) Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй қорын құру

    ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдар үшін ЖАО-ның жалға берілетін тұрғын үйді жобалауына және (немесе) салуына республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне нысаналы даму трансферттері көзделеді.

    Салынған, сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй Қазақстан Республикасының қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес айқындалған кезектілік тәртібімен беріледі.

    ЖАО-ның жалға берілетін тұрғын үйінің таза әрленген 1 шаршы метрі үшін бағалық параметрлер:

    Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында (инженерлік желілердің құнын есептемегенде) – 180 мың теңгеге дейін;

    қалған өңірлерде (инженерлік желілердің құнын есептемегенде) – 140 мың теңгеге дейін.

    Құрылыстың түпкілікті құны тұрғын үйлердің ЖСҚ-сын кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысының негізінде айқындалады.

    Тұрғын үй құрылысының құнынан асатын шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

    ЖАО-ның жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін тұрғын үй салуына жол беріледі.

    Тұрғын үйдің жалпы алаңы 5 %-дан аспайтын рұқсат етілген ауытқумен 65 шаршы метрден аспауға тиіс. Тұрғын үй салуға жұмсалған шығындар құрылыс салушының есебінен өтелген кезде тұрғын үйді алаңын рұқсат етілген ауытқудан асырып салуға болады.

    Тұрғын үйдің 1 шаршы метрі құрылысының бағалық параметрін сақтау мақсатында ЖАО жеке құрылыс салушылармен мемлекеттік-жекешілік әріптестік тетігін пайдалануға құқылы.

    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидатында жеке құрылыс салушылармен бірлесіп ұйымдастырылатын тұрғын үй құрылысы жобалары мынадай шарттарға сәйкес келген кезде жүзеге асырылады:

    1. мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектісімен мемлекеттік-жекешелік әріптестік концепциясының жобасын әзірлеу;
    2. Нақты Заңның 31-бабына сәйкес жекешелік әріптестікті анықтау;
    3. мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісім-шартын жасау;
    4. мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісім-шарттың екі жақты орындалуы;

    2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы екі жақ тараптар мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісім-шарт талаптарын өздеріне қабылдаған барлық міндеттемелерді орындаған жағдайда аяқталған болып есептелінеді. Қаражатты кері қайтару тең үлесте 3 жыл бойына келісім-шарт негізінде пайдалануға берілгеннен кейін жүзеге асады. Инвестор немесе жеке құрылыс салушы құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін берілген жер учаскесінің болуы керек. ЖАО экономикалық  және салалық қорытынды дайындап, экономика басқармасына жүзеге асыруға жоспарланған жобаны мемлекеттік-жекешелік әріптестік тізімге қосу үшін ұсынады. Жобаны жүзеге асыруға мақұлдағаннан кейін, бағдарлама әкімшісі жекешелік әріптестікті анықтау үшін конкурс ұйымдастырады.

    Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру есебінің жүзеге асыру мүмкіндігі:

    1)меншікті қаржы есебінен;

    2)Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес қарызға алынған қаражат есебінен;

    3)мемлекеттік бюджет есебінен;

    4)квазимемлекеттік субъекті секторы есебінен;

    5)Қазақстан Республикасы Заңнамасына қайшы келмейтін басқада қаражат есебінен;

    2)мемлекеттік жекешелік әріптестік субъектісін шығынның орнын толтыру және мемлекеттік жекешелік әріптестік субъектісінен табыс алу көзі:

    1) тауарларды жұмыспен қызметтерді жүзеге асыру мемлекеттік жекешелік әріптестік нысанды пайдалану үрдісі;

    2)Қазақстан Республикасы Заңнамасына сәйкес мемлекеттен субсиядалау;

    3)мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық өтемақы шығыны;

    4) мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы бойынша операциялық өтемақы шығыны;

    5) мемлекеттік меншік болып табылатын мемлекеттік жекешелік әріптестік нысанын басқару бойынша сыйақы жүзеге асыру және мемлекеттік жекешелік әріптестік нысанын пайдалану бойынша жалгерлік төлеу;

    6)қолжетімділік үшін төлемақы;

     

    Жеке құрылыс салушылар және инвесторлар үшін ақпарат.

    1. «Ескелді ауданы Бақтыбай ауылындағы 20 жалгерлік тұрғын үйлер үшін, инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы», жобалауға және құрылыс үшін тағайындалған жер телімдерінің жалпы аумағы 2,0 га.
    2. «Ескелді ауданы Алдаберген ауылындағы 7 жалгерлік тұрғын үйлер үшін, инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы» жоба әзірленген жоқ, тағайындалған жер телімдерінің жалпы аумағы 0,7 га.

     

     5) Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту

    Қазақстанда тұрғын үй құрылысының жалпы көлеміндегі негізгі үлесті ЖТҚ алады.

    ЖТҚ-ны одан әрі ынталандыру үшін мемлекет ЖТҚ салынатын аудандардағы ИКИ құрылысын қаржыландыруды жалғастыратын болады. ЖТҚ дамыту үшін ИКИ құрылысына республикалық бюджеттен жыл сайын қаражат бөлінетін болады, ол шамамен 40 мыңнан астам жер учаскесін сумен және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жылумен, газбен жабдықтау, телефондандыру, су бұру (кәріз) желілерін, инженерлік құрылыстарды, орамшілік жолдар мен өтпе жолдарды қамтитын өзге де инженерлік коммуникациялар жүргізу жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

    ЖТҚ-ны ынталандыру үшін мыналар көзделеді:

    1) аз қабатты тұрғын үйлер салудың үлгі жобаларын ЖАО-ның таратуы. Бұл жобалар азаматтарға тегін берілуі тиіс;

    2) бас жоспарларға және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес ЖТҚ-ға арналған алаңдарды беру;

    3) алаңдарды тұрғын үйлердің құрылысы басталғанға дейін ИКИ-мен қамтамасыз ету;

    4) заңнамада белгіленген тәртіппен азаматтарға жер учаскелерін беру.

     

    2017 жылға «Ескелді ауданы Шымыр, Бақтыбай ауылдарындағы жеке тұрғын - үй құрылысы үшін, инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы» жобалауға қаражат бөлінген. Шымыр ауылының батыс бөлігінде орналасқан массивтің жалпы аумағы 6,4 га, жер телімдерінің саны – 49 дана. Бақтыбай ауылының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан массивтің жалпы аумағы 6,5 га, жер телімдерінің саны – 45 дана.

    2020 - 2021 жылға Жетісу ауылына жеке тұрғын-үй құрылысы үшін, инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы жоспарланған. Массивтің жалпы аумағы 9,0 га, жер телімдерінің саны – 80 дана, Сырымбет ауылына  жеке тұрғын-үй құрылысы үшін, инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы, массивтің жалпы аумағы 21 га, жер телімдерінің саны – 80 дананы құрайды.