Навигация

Модернизация 3.0

Общая информация

Новости области

    Очередь на участки

    Баннеры

    Контакты

    ГУ "Аппарат акима Ескельдинского района" Алматинской области

    Казахстан, Алматинская область
    Ескельдинский район, ул Оразбекова, 67

    Индекс: 040500

    Тел: 8 (72836) 3-05-05
    Факс: 8 (72836) 3-03-27

    Email:eskeldy-akimat@mail.ru

    Новости

    Өрлеу жобасы- тимді жоба

    Категория: Объявления
    Дата: 29.09.2017
    Просмотры: 22 Печать страницы

     

    Өрлеу жобасы-  тимді жоба

     

    «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен «Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 ақпандағы  № 52 қаулысымен  бекітілді.

    «Өрлеу» жобасы дегеніміз – отбасының әлеуметтік белсенділігін арттыру бағытында келісім шарт жасасу арқылы мемлекеттік шартты ақшалай көмек (ШАК) – бағдарламаның шарттарын орындауға міндеттенген отбасыға әлеуметтік көмек көрсетудің белсенді нысандары көзделген қанатқақты жоба.

    «Өрлеу» жобасы ай сайынғы төлем түрінде шартты ақшалай көмек көрсетумен қатар, бірнеше мүмкіндіктер ұсынады:

    • Жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді;
    • Мамандық алуды, қосымша мамандық алу үшін қайта даярлықтан өтуді;
    • Қажет болған жағдайда отбасының әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды көздейді.

    «Өрлеу» жобасына орташа айлық табысы жан басына шаққанда ең төмеңгікүнкөріс деңгейі 60 % төмен болатын отбасылар (азаматтар) қатысуға құқылы.

    Жобаға қатысу шарттары туралы аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына немесе ауылдық жерде тұратын болса, ауыл өңірінің әкімінен кеңес ала алады. Егер үміткер «Өрлеу» жобасына қатысуға келісімінберсе, ауыл өңірінің әкімі немесе «Өрлеу» жобасының көмекшісі үміткермен сұхбаттасу жүргізеді.

    Сұхбаттасу барысында:

    1. Отбасының ШАК алуға құқығы;
    2. Отбасы мүшелерінің жеке талаптарын ескере отырып, оларды әлеуметтік бейімдеу шаралары;
    3. Отбасының әрбір еңбекке қабілетті мүшесі үшін еңбек нарығына бейімделудің қандай шаралары (Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы) әлеуметтік белсенділікті  арттыру келісім шартына енгізілуі тиіс екендігі анықталатын болады.

    Аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы немесе тұрғылықты жері бойынша әкімдікке жүгінген жағдайда «Өрлеу» жобасына қатысуға өтінішті, сонымен қатар, отбасылық және тұрмыстық жағдайы туралы сауалнаманы толтырып, келесі құжаттарды тапсыру керек:

    1. Өтініш берушінің жеке куәлігін;
    2. Отбасыңыздың құрамы туралы анықтаманы (бұл нысанды толтыру үшін отбасының барлық мүшелерінің құжаттарының түпнұсқалары қажет болуы мүмкін);

     

    1. Қамқорлыққа бала алған жағдайда, оны растайтын құжатты (бар болған жағдайда);
    2. Тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты немесе мекен-жай анықтамасын немесе ауылдық өңір әкімінің анықтамасын;
    3. Жеке қосалқы шаруашылығы туралы мағлұматы (бұл анықтаманы ауылдық өңір әкімі береді);

    Жобаға қатысу мүмкіндігі туралы шешімді учаскелік комиссия отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайы туралы тексеру актін жасайды. Алынған ақпарат негізінде «Өрлеу» жобасына қатысу мүмкіндігі жөнінде шешім қабылданып, шартты ақшалай көмектің (ШАК) көлемі анықталады.

    ШАК мөлшерін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы мен ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 % арасындағы айырма түрінде есептейді. ШАК өтініш берушінің қалауы бойынша үш айға бірден төленуі мүмкін, мұндай бір мәрте төленетін ШАК тек қана отбасының белсенділігін арттыру келісім шарт арасындағы іс-шараларға жұмсалуы керек.

    Жәрдемақы алу мерзімі 6 ай. Осы мерзім ішінде отбасы әлеуметтік белсенділігін арттыру шартын орындаған жағдайда, отбасының мұқтаждықтан арылуына мүмкіндік туады, тұрақты табыс келеді және еңбек нарығында өзін бекітеді.

    Отбасының әлеуметтік белсенділігін арттыру шарты мерзімінде жан басына шаққандағы орташа табыс қайта қаралмайды (отбасы құрамында өзгеріс болып жатқан жағдайлардан басқа). Яғни, үміткер жұмысқа орналасқан жағдайда (тіпті басқа табыс көзін тапсаңыз да), ол 6 айға белгіленген жәрдемақы көлеміне әсер етпейді.

    Жобаға қатысқысы келген азамат, алдымен халықты жұмыспен қамту орталығынанемесе ауылдық жерде тұратын болса, тұрғылықты жеріңіздегі ауыл әкіміне жолығады. Сұхбаттасудан өтуге уақыт белгіленеді. Одан соң жобаға қатысуға өтініш нысанын, отбасылық және материалдық – тұрмыстық жағдайыңыз туралы сауалнаманы толтырып, қажетті құжаттарды өткізеді.